Жанкелдин ауданына қыстың алғашқы лебі келіп, ақ ұлпа қарға ұласты

 Қыстың көркі қалың қар

Күзгі қара жер мен қара суыққа бой үйретіп алған жергілікті халық, желтоқсан айының үшінші аптасында қыстың лебін сезінді. «Боранды күні ит пен бала құтырады» демекші, ақ ұлпа қарды тобықтан кешкен оқушылар мектепке қарай ағылуда. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 28 м/с желдің ұйытқуына әкеп соғатынын бір күн бұрын ауа – райын болжайтын мамандар ескерткен болатын. Яғни, жел күшейсе, ақ түтек боран болады. Торғай – Арқалық, Торғай – Қостанай бағытына баратын жолаушыларға өте абай болуы керек. Жергілікті полиция өкілдері әлеуметтік желілер арқылы алдын – ала ескерту жасауда. Толассыз жауған қар көше жолдары мен жаяу жүргіншілер жолын басуы әбден ықтималы. Осы тұрғыда Торғай ауылы әкімінің аппараты қар тазалу жұмыстарына білек сыбана кірісуі керек.

«Қыс қаһарына енді мінгелі тұр. Бұл бірінші қар. Алда әлі талай көз көрмейтін борандар мен жапалақтап жауатын мезгіл бар. Қысқы жол тазалау жұмыстарына қаржы бөлінді. Мердігер анықталды. Енді қар тазалау жұмытарына кірісеміз. Ал, жаяу жүргіншілер жолын мерзімді жұмысқа тұрған адамдар тазалайтын болады. Қар тазалау жұмыстары тек жұмыссыздықтың адамдарына ғана міндетті емес. Жаппай халық қолдарына күрек алып, өз аулаларын тазаласа жақсы. Кейбір тұрғындар бар, аула ішіндегі қарды көшеге шығарып, артынша «мына қарды неге тазаламайды» деп бізге сілтей салады. Егер дәл осындай келеңсіз жағдайлар анықталса, полиция өкілдеріне жүгініп, айыппұл төлететін боламыз. Біз қолымыздан келгенше аудан орталығындағы көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын уақытылы тазалап отырамыз», – дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарағұл.

Қыстың көркі ақ ұлпа қар. Алда жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Орталық алаңға қалашықтар салу жұмыстары басталады. Бүгінгі толассыз жауып тұран ақ ұлпа қар жаңа жылдық безендіру жұмыстарына қолайлы жағдай туғызып тұр.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ, Суретті түсірген: автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6