Жанкелдин ауданының білікті мамандары жыл үздіктері атанды

 Жоғары дәрежелі марапат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдардамалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Жаңа қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан Жыл адамы» атты республикалық байқауын өткізген болатын. Екі кезеңнен тұратын байқауға еліміздің әр өңірінен сала үздіктері қатысып бақ сынады.

Іс-шараның негізгі мақсаты тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамға кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету болып табылады. Астана қаласында жыл үздіктерін марапаттауға арналған арнайы конференция өтті. Аталмыш конференцияда Рыскүл Дәрібаева, Бахыткүл Ағытаева, Қайрат Айтмағанбетов лайықты марапатқа ие болып, «Жыл адамы» төс белгісімен наградтталды. Ауданның экономикалық дамуына үлес қосып жүрген, өз салаларының майталмандары жылды үздік марапатпен қорытындылады. Өз салаларында ойын тұрып орын алар мамандардың, аталман марапатқа ұсынылуыда бекер емес. Ұжымдары «Жыл адамы» атағына лайық көріп ұсынып, өз қызметкерлерін құрметтеуінің өзі мамандар үшін үлкен жетістік.Астана қаласында өткен жиында кеуделеріне төс белгілерін тағынып, ауданның мерейін үстем етіп келген марапат иелерін шын жүректен құтттықтаймыз. Жұмыстарына толағай табыс, халықтың алғысын арқалап жүрулеріне тілекшіміз.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Сурет: Akorda.kz сайтынан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5