Жанкелдин ауданының жас тоғызқұмалақшысы әлем чемпионы атанды
Ел мерейі үстем болды
Моңғолия мемлекетінің астанасы Уланбаторда Тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Аталмыш байрақты бәсекеде жерлесіміз Жайна Алпысқызы Қазақстанның намысын қорғап, жүлдемен оралды. Тоғызқұмалақтың Рапид түрінен 2-орын, классикалық түрінен әлем чемпионы атанды.
«Мен үшін Қазақстан құрамасында болу біріншіден үлкен мәртебе. Аталмыш жарысқа әр мемлекеттің спортшылары қатысты. Ойын барысында қарсыластарым Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Росиия, Қазақстан елдерінің спортшылары болды. Жақсы ойын өрнегіни көрсете алдым. Нәтижесінде рапид түрінен екінші орын, классикалық түрінен чемпион атанып көк байрағымызды көке көтердім. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш, үлкен жетістік деп санаймын. Десекте, алда талай белестерді бағындыратын боламын,»-дейді, әлем чемпионы.
Жайна Алпысқызы тек спортта ғана емес, мектепте үздік оқушылар қатарында. Болашағынан зор үміт күттіретін Жайнаның алар асулары, бағындырар белестері көп болғай.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31