Жанкелдин ауданы, Қалам – Қарасу ауылдық округінің тұрғыны 43 жыл бір салада еңбек етіп келеді
Нағыз еңбек адамы
Қанат Ақышев ауыл жастарына үлгі болып келеді. Ол Қалам – Қарасу ауылының байырғы тұрғыны. Пайғамбар жасына келген Қанат ағамыз 43 жыл бойы бір салада еңбек етіп келеді. Мамандығы электрик. Өзінің мамандығына салғырттықпен қараған емес. Ел арасында «Электрик адам бірақ рет қателеседі» деген қағидат бар. Қанат Балғабайұлы жауапкершілікті басты парызым деп санайды.
«Мен 1981 жылдан бері электрик болып жұмыс істеп келемін. Өзімнің мамандығымды мақтан тұтамын. Бала күнімде электрик болсам деп қайтты армандадым. Әкем оқытып, арманыма жеткізді. Ауылдағы электр тоқтарын өзім монтаждап, сақтық шараларын қамтып отырамын. Әсіресе, қыс мезгілінде баған басына шығу қиын. Аязды күндері электр сымдарына мұз қатып, жарықтың жануына кедергі жасайды. Солардың барлығын қалыпқа келтіремін.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: Берік Мұхамбедин.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31