Жанкелдин ауданындағы 31 жыл тарихы бар «Береке» базарының берекесі тарқағалы қашан

 Мәселенің барлығы қаражатқа байланыстыБұл суреттегі ұсқыны кеткен «Береке» базары. 1993 жылы «Гостроном» сауда орталығы болған. Артынша жекешелендіру кезінде сатылымға шығып, жеке адамдардың қолына өтті. Ауданда алған шаруа қожалығын ашқан Талғат Мырзағалиев осы ғимаратты жекешелендіріп, «Марғұлан» кафесі қылды. Бір жақ бөлігін киім сататын базарға айналдырып, саудагерлерге жалға берді. Артқы жақ бір бөлігіне жөндеу жұмыстарын жасап, шағын сүт цехын ашты. Кейін «Кеңес» шаруа қожалығын ашқан соң «Береке» базарына аса мән берген жоқ. Себебі, асыл тұқымды ірі қара өсіру бағытындағы жұмыстарға білек сыбана кірісті. Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосып жүріп, ғимараттың жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстарына немқұрайлы қарады. Мүмкін қаражат мәселесі де оңтайлы болмаған шығар.

«Мен бұл ғимаратты жөндеу үшін көп қаражат керек. Ал, дәл қазір менің қолымда қомақты ақша жоқ. Жауын – шашын кезінде төбесінен су ағады.ішіндегі жылу жүйесі де дұрыс емес. Алдыңғы үлкен терезелерді заманауи пластикалық терезелерге ауыстыру қажет. Орталықта болғандықтан талапқа сай құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет. Қазіргі уақытта құрылыс заттары да қымбат. 600 шақырым жердегі облыс орталығынан алып келу үшін камаз автокөлігін жалдау керек. Оған да ақша қажет. Азып – тозып тұрған ғимаратты ешкім жалғ алмайды. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі сатылымға шығарамыз деп айтқан еді. Егер алатын адам болса, 20 миллионға сатамын», – дейді «Береке» базарының иесі.

Шындығында барлық мәселе қаражатқа келіп тіреледі. Егер елге игілігі тисін деп жаны ашыған адам болса, сатып алып, бастан аяқ жөндеу жұмыстарын жасап, іс қылса, ешкімнің қарсылығы жоқ. Бизнес саласында бәсі жоғары жерлестеріміз осы мәселені қолға алса деген ұсынысымыз бар.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы

Суретті түсірген: автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31