Жанкелдин ауданында су тасқыны кезінде белсенділік танытқан азаматшаларға төсбелгі табысталы

 “Ақжол” демократиялық партиясынан

Биылғы көктем айындағы табиғи апат кезінде Жанкелдин ауданы тасқын судың қоршауында қалып, елді мекендер суға кетті. Тұрғындар баспаналарынан айырылып үйсіз қалды. Мемлекет тарапынан қолдау тапқан тұрғындар заманауи тұрғын үйлермен толық қамтылды. Біздің өңірдің халқыда үкімет назарынан тыс қалған жоқ.

Су тасқыны кезінде Торғай халқы бірлік танытып, тасқын суға қарсы тұрды. Осыған орай, “Ақжол” демократиялық партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі фракция жетекшісі Азат Перуашев, елдегі азамат азаматшалардың еңбегін елеп ескеріп, арнайы төсбелгімен марапаттауды жөн санады. “Ақжол” демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Махаббат Жутаевтың тапсырмасына сәйкес, біздің аудандағы 10 адам “Апатпен күрескені үшін” медалін салтанатты түрде табыстадым.

“Еңбегімізді ескеріп, жоғары дәрежелі марапатқа ұсынған “Ақжол”демократиялық партиясының төрағасына айтар алғысымыз шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын”,-дейді марапат иелері.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ, Суретті түсірген: автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0