Жанкелдин ауданы ветеринариялық станциясына жаңа қызметтік көлік келді

 Ветеринария саласына көңіл бөлінуде

Өткен жолы Арқалық қаласына арнайы жұмыс бабымен келген облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Амангелді, Жангелді аудандарына және Арқалық қаласының ветеринариялық станцияларына қызметтік көліктің кілттерін табыстаған болатын. Сол жаңа қызметтік көлік құжаттары толық заңдастырылғаннан кейін аталмыш коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігіне берілді.

«Аудан өңірі мал шаруашылығына қолайлы аймақ болғаннан кейін кең даламыз төрт түлікке толы. Қазіргі уақытта тұрғындар малдары дала өліп қалса, бізге хабарласып, ескертіп отырады. Біз мал өлігін алып келіп, арнайы мал көміндісіне тастап, иісі шығып сасымас үшін өртейміз. Барлық, ауыл, ауылдық округтегі мал дәрігерлері өздерінің жұмыстарына жауапкершілікпен қарай біледі. Ірі қара, ұсақ малдарды ауруға қарсы уақытылы егіп, сырғалап, ветеринариялық станцияның базасына енгізіп отырады. Ауылдағы мал дәргерлерінде бір – бір нива автокөлігі бар. Олардың да тозығы жеткен. Машықты жүргізушілер болғандықтан лекерлеп жөндеп алады. Алдағы уақытта облыстық басқарманың ықпалы арқылы сол ауылдағы көліктерді жаңалап алсақ деген жоспарымыз бар», – дейді аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Аян Жанатұлы.

Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Жангелдин ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына 10 жылдан кейін келген қызметтік көлік. Облыстық басқарма басшылары шалғайдағы ауданымызға көбірек көңіл бөлсе деген ұсынысымыз бар.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: Аян Нұрмұханбетов


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31