Арка – Науырзым ауданының ажары болмақ

 Қандай да бір аймаққа ат басын бұрып, сол елді мекеннің аумағынан аттаған адамның көзі ең алдымен өңірдің атауына түседі. Ол атау тасқа қашалып жазыла ма, мейлі арканың үстінде тұра ма, адамның санасында жатталып қалады.

Науырзым ауданы 1965 жылы құрылған еді. Келесі жылы ауданымыздың 60 жылдығы болмақ, соған орай ауданымызда дайындық жұмыстары басталып кетті десек артық емес. Себебі, бүгін ауданымыздың 60 жылдығына орай кіре беріс арканың ашылуы өтті. Айтулы шараға аудан басшысы Мәди Ихтиляпов, аудандық мәслихат хатшысы Гүлсім Әбенова, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары мен аудан халқы қатысты.
Арка ауданымыздың елжанды азаматы, шаруа қожалық басшысы, аудандық мәслихат депутаты Ереке Алдажұманов өз қаражатына салды. Арканың биіктігі 9 метр, ал, ұзындығы 13,9 метр. Арканы салуға кәсіпкер 20 миллион теңге қаражат жұмсады.
Аудан әкімі Мәди Ихтиляпов жиналған қонақтарды арканың ашылуымен құттықтады.

– Бүгін біз Қарамеңді ауылының кіреберісінде орналасқан жаңа арканың ашылу салтанатына жиналып отырмыз.
Жаңа арканы біздің жерлестеріміз “Самрық” шаруа қожалығы салды. Құрылысқа өз қаражаты есебінен 20 млн.теңге жұмсады. Басқа кәсіпкерлер де жерлестерімізден үлгі алып, ауданның дамуына үлес қосатынына сенімдімін. Бұл жоба Науырзым ауданының 60 жылдығына орай салынды. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы кәсіпкерлерді отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілік танытуға және ел экономикасының дамуына өз үлесін қосуға шақырды. Бұл бағытта жергілікті кәсіпкерлер, меценаттар белсенді қатысып, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға және туған өлкені абаттандыруға қаржы бөлуде. Науырзым халқы және өз атымнан ауданымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, қамқорлық көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Бұл нысан ауылдың сыртқы келбетін керемет толықтырады. Кіреберіс аркасы аудан орталығының визит карточкасына айналатына сенімдімін, – деді аудан басшысы.

Қоғам қашанда жаны жомарт, болмысы мәрт, ірі істер мен баянды бастамалардың басы-қасынан табылатын іскер жандарға арқа сүйейді. Руханияттың кәусар бастауына апаратын жолды іздеу-бүгінгі таңда өмір сүріп келе жатқан адамдардың әрқайсысының және баршамыздың басты міндетіміз екенін білеміз. Осы орайда Ереке Иманғалиұлыміндет деп қарамай, мақтан деп санамай, жүректен шыққан ізгілік деп білетін, қол ұшын созып, туған жерге көмек көрсетіп отырған азаматтардың бірі. Ауданымыз әрқашан гүлдене берсін.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31