Жанкелдин ауданында ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді

Қариялар алғыс айтып, бата берді

1 қазан — Қарттар күні” мерекесіне орай, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері егде тартқан ардагерлердің үйлеріне барып, құрмет көрсетті. Төл мерекелерімен құттықтап, сый- сияпат тапсырды.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботагөз Саматова, Жарасбай Мұқатовтың, Алпыс Байғабыловтың және Сақып Төлебаеваның шаңырақтарына ат басын бұрып, мерекелік тілектерін жеткізіп, сыйлық табыстады.

“Қазақ халқы қашанда қариясын құрметтеп, ардагерін ардақтаған. Бізде бүгін арнайы ардагерлердің үйлеріне барып, ақ жарма тілектерімізді айттық. Әр салада қызмет істеп, ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері біздің мақтанышымыз. Үлкенді құрметтеу жас ұрпақтың басты парызы. Ол кісілерге күнде құрмет көрсетсекте артық емес. Ең бастысы ардагерлеріміз аман болсын. Ақыл мен парасаттың пайымын таразылай білген қарттарымызға Алла ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық берсін”- дейді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Шексіз құрметке лайықты қарттарымыз өткен тарихтың таңбасындай. Кеңес үкіметінен Тәуелсіздік алған уақытқа дейін қос қоғамның өркендеуіне үлес қоса білді. Елеулі еңбектерін жас ұрпаққа насихаттап, өнегелі үлгілерін ұлықтау біз үшін міндет.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0