Қарттарға – қамқорлық

 «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында,  Қамысты аудандық мемлекеттік қызметшілер арасынан құрылған волонтерлік  қозғалыс мүшелерінің қатысуымен Қамысты ауылында тұратын жалғызілікті зейнеткер Иванне Кищуктің ауласын абаттандырып, қоршауын әрлеп берді. 

-Бүгін бейбіт заманда өмір сүріп, тәуелсіз елдің азаматы болып жүрсек, ол ата-әжелеріміздің ерен еңбегі. Аға ұрпақтың  маңдай терінің жемісі. Өз уақытында қарияларымыз болашақ ұрпақ үшін деп ештенеден аянбады. Ендігі жерде оларға құрмет көрсету өскелең ұрпақ біздің парызымыз деп білемін. Сондықтан бүгін қарияларға қолғабыс тигізіп, алғысы мен батасын алсақ деп келдік, – дейді волонерлік штаб төрағасы Бақытгүл Байбәкірова.
Жастардың мақсаты – Президент бастамасына қолдау көрсетіп, өзге тұрғындарды тазалық акциясына атсалысуға шақыру, қарттарға қамқорлық, құрмет көрсету.
Ауыл тұрғыны Иванне Кищук волонтерлердің көмегіне алғысын білдіріп, «Жалғызбасты зейнеткер ретінде мұндай қолдауға мұқтаж болдым. Жастардың көрсеткен көмегі мен үшін үлкен демеу», – деді қария.
Шұға Қоңқабай

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5