Жанкелдин ауданында жол апаты оқиғасынан төрт адам қаза тапты

 Апат айтып келмейді

Кеше Торғай —Арқалық тас жолының бойында екі көлік соғысып, оқиға орнында екі бала, бір ересек адам қаза тапты. Оқиға кешкі сағат 17:50 шамасында болған. “Лексус” автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, “Газел” автокөлігімен қақтығысқан.

“Жангелдин ауданының полиция бөлімінің орынбасары Б. Сейтбеков оқиға болған жөнінде хабарлаған. Торғайдан 17 шақырым жерде оқиға орын алған. 45 жасар азамат пен 12 және 3 жасар бала көз жұмған. Бір адам аудандық ауруханаға келгенде жан тапсырған. Жедел тергеу тобының өкілдері оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр. Оқыс оқиға анықталғасын СДТБТ тіркеледі”, —дейді Жангелді ауданының прокуратурасы.

Апат айтып келмейді. Жолда мейлінше абай болып, жылдамдықты асырмай, сақтық шараларын қатаң сақтау керек жөнінде аудандық полиция бөлімі ескертеді.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31