Жанкелдин ауданының тұрғыны, тігін өнерінің шебері Гиннесс кітабына енді

Бұл аудан үшін жоғары мәртебе

V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы Қостанай облысының делегаттары мен қатысушылары барып, белсенді атсалысуда. Оның ішінде құрақ көрпе өнерін жетік меңгерген Жанкелдин ауданы Аралбай ауылының тұрғыны Құралай Молдабекова да бар. Әлемдік деңгейдегі ісмерлермен бірге құрақ көрпе тігу фестиваліне қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсете білді.

“Астана қаласына келіп, дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып жатқанымызға дән ризамын. Өте керемет ұйымдастырылып жатыр. Шет мемлекеттен келген қонақтар бас қаламыздың көркіне тамсанып, ерекше көңіл күйде. Тарихи көрмелерді тамашалап, ерекше әсер алдық. Алпауыт мемлекттен келген меймандар еңселі Елорданының келешегіне үмітпен қарап, бағаларын беруде. Дүниежүзілік көшпенділер ойыны әлі жалғасуда”,-дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботакөз Саматова.

Әлемдік қолөнер шеберлерімен бірге құрақ көрпе тігіп, қазақтың тігін өнерін кеңінен насихаттаған Құралай Қапарқызы, арнайы сертификатпен марапатталып, генисттер редкорд кітабына есімі енді.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5