Жанкелдин ауданында мектепке жол акциясы жалғасуда

Қайырымдылық қасиетті ұғым“Мектепке жол” республикалық акциясы бұл қайырымдылықтың нышаны. Яғни, акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.

“Біз жыл сайын республикалық акцияға өз үлесімізді қосып келеміз. Бұл әр адамның парызы. Биыл Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрсұлтан Сәкенге оқуға қажетті құралдарын алу үшін ақшалай көмек көрсеттік. Алдағы жылы да осы акцияға бір адамдай атсалысамыз” — дейді спорт мектебі директорының орынбасары Рүстем Нығыметов.

Қайырымдылық акциясы арқылы, әр балаға үміт беріп, өмірге деген білімге деген құлшыныстарын оятады деген сенімдеміз.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31