Жанкелдин ауданының жас келіні республикалық байқауға жолдама алды

Бес әулеттің келіндері бақ сынады

Қостанай қаласының 145 жылдығына орай алғаш рет “Абысындар” байқауы өтті.

Тобыл-Торғай өңірінің абысын- ажындары бақ сынвп, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, жөн-жоралғыларды насихаттады.
Байқауға облыс көлемінен бес әулеттің келіндері қатысып, бақ сынады.

Байқауға Меңдіқара ауданынан Айсағалиевтер әулетінің, Сарыкөл ауданынан Жанұзақовтар әулетінің, Жангелдин ауданынан Ибраевтар әулетінің, Қостанай қаласынан Омархановтар әулетінің және Науырзым ауданынан Сағынаевтар әулетінің келіндері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасы орынбасары Баян Ахатай: «Келер жолы бұл байқау кең көлемде және ерекше өтетінін тілге тиек етті.
Жас келіндер бес кезең бойынша бақ сынады.

Қазылар алқасының шешімімен
Үшінші орынды Айсағалиевтер әулетінің келіндері, екінші орынды Омархановтар әулетінің келіндері иеленсе, бірінші орынды қасиетті Торғай жерінің Ибраевтар әулетінің келіндері жеңіп алды.

Олар республикалық байқауға жолдама алды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0