Мамандар қатары толықты

 Дәрігер тапшылығы біртіндеп шешіліп келедіҚазіргі күні өңірдің денсаулық сақтау саласында білікті медицина қызметкерлерінің саны сексеннің үстінде. Халықтың өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіші Денсаулық сақтау жүйесінің деңгейі және медициналық қызметтердің сапасын артыру болып табылады. Туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 13,2%-ға төмендеп кеткен. 2022 жылы – 109 бала, өткен жылы – 94 бала дүниеге келді. Аудан әкімі бала туу көрсеткішінің төмендеп кетуін жүкті әйелдердің Рудный және Қостанай қалаларына барып босануымен байланыстырып отыр.

Жалпы өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 11,3%-ға төмен. Биыл Жайылма жерінде 43 баланың кіндігі кесілген. Биылғы жылы, жағымды жаңалық, ана мен бала өлімі жоқ.

Ауданда халыққа 1 аудандық емхана, 2 фельдшерлік-акушерлік және 2 дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ 12 медициналық пункт медициналық көмек көрсетеді.

Ауданның денсаулық сақтау жүйесінде 18 дәрігер, 68 орта медициналық персонал мамандары жұмыс істейді. 2023 жылы аймаққа 5 дәрігер педиатр, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, эпидемиолог және жалпы практика дәрігері келді.

Қамысты ауданы әкімі Ерлан Жаулыбаевтың өңірлік коммуникациялар қызметінде берген мәліметіне сүйенсек, биыл Қамысты ауданна 1 жалпы практика дәрігері мен 3 орта медицина персоналының маманы келді. 1 Клочков орта мектебінің медбикесі, 1 емхананың аға медбикесі, 1 күндізгі стационардың медбикесі. Сондай-ақ, аудандық орталық аурухана ғимаратына 130 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Алтынсарин, Арқа, Бестөбе ауылдарында үлгілік фельдшерлік-амбулаториялыұ пунктерді салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда проблемалық мәселелер де жоқ емес. Кадр тапшылығы бар. Мәселен, 3 дәрігер (жалпы практика дәрігері, терапевт, инфекционист), 4 орта медициналық қызметкері жетіспейді. Бірақ, алдағы уақытта бұл мәселенің шешімі мемлекеттік бағдарлама аясында шешілмек.
Биыл келген жас мамандарға және дәрігерлерге көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілген.

Ұйымдастыру техникасымен жарақтандыру жеткіліксіз. Қазір алпысқа жуық компьютер, 40 МФУ медициналық жабдық қажет.
Бүгінде ауданның денсаулық сақтау жүйесінде 18 дәрігер, 68 орта медициналық персонал маман жұмыс істейді. Өткен жылы аймаққа 5 дәрігер, оның ішінде ауданға қажетті педиатр, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, эпидемиолог және жалпы практика дәрігері келді. Ал, биыл, 1 жалпы практика дәрігері және 3 орта медициналық персонал маманы келді, медицина қызметкерлері үшін жалпы сомасы 15 млн теңгеге 3 үй сатып алынды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1