Жанкелдин ауданы Саға мен Тоқанай ауылының ортасындағы көтерме жолға орташа жөндеу жұмыстары басталды

Ауылдық ағайындардың арманы орындалды

Көктемгі су тасқыны кезінде Тоқанай мен Саға аулының ортасындағы көтерме жолды су жырып, көліктерге шектеу қойылған болатын. Кейін ауыл тұрғындары жырға жерді лекерлеп, бөгеп алды. бірақ, жауын – шашын кезінде ол жерлер саз батпақ болып талай көліктер мен жолаушылар далада қалды. Жол азабын тарқан білер. Ауылдық ағайындар жол бойындағы әрбір қиын сәттерді әлеуметтік желіге жариялап, билік өкілдерінен көмек сұрады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге алған билік басындағылар елдің жанайқайына құлақ түріп, жол жөндеуге қомақты қаржы бөлді. Қазіргі таңда Саға -Тоқанай жолының 34-49 шақырымындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары басталып кетті. Азамат Оразбаев басшылық ететін «Автодор Сервис КСТ» жауапкершіліг шектеулі серіктестігінің жұмысшылары келіп, құрылыс жұмыстарына қарқынды кірісті.

«Жол жөндеу жұмыстарына 20- ға жуық жұмысшы мен 10-ға жуық техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта екі бригада жұмыс жасап жатыр. Бірінші бригада көктемгі су тасқыны салдарынан бірнеше жерден бұзылған жолды қалпына келтіруде. Екінші бригада су өтетін бетон құбырларын әкеліп, айналма жол жасап жатыр. 15 шақырымдық жолға 0-40 мм шебен төселеді. Су өтетін бетон құбырларының екеуі ауыстырылып, жетеуіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер Азамат Нұрлыбекұлы жолды сапалы істеуге уәде берді. Жауын – шашын кедергі болмаса 25 қыркүйек күні құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады», – дейді ауыл әкімі Қайсар Нұрғазин.

«Жол қадірін жолаушы біледі». Ауыл тұрғындары жолдың жөнделуіне қуанып, ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1