Адаев ауылы «Жарқын ауыл» жобасына кірді

«Жарқын ауыл» жобасы аясында Адаев ауылында жергілікті атқарушы органдардың, «Аманат» партиясының аудандық филиалы өкілдері, ЖШС директоры және ШҚ басшылары арасында әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Жобаның мақсаты — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру.

Жоба аясында Адаев ауылына келешекте көгілдір отын тартылып, бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтермек.

—Біздің ең басты міндетіміз — ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту. Қарапайым еңбек адамына лайықты жағдай жасалғанда ғана ел еңсесін тіктейді. «Жарқын ауыл» жобасына біздің ауылдың іліккеніне қуаныштымын, – дейді Адаев ауылдық округінің әкімі Бахытжан Рахымжанов.
«Жарқын ауыл» жобасына қатысуға қуана келіскен жергілікті ЖШС, шаруа қожалықтарының жетекшілері партия өкілдері және ауылдық округ әкімімен үшжақты меморандумға қол қойды.

Жаңа жобаны жергілікті шаруа қожалықтары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер де қолдады.

-Ауыл бәрімізге ортақ. Ондағы тұрғындар бұдан жақсы тұруы керек деп есептеймін. Біз өзіміздің кіші отанымыздың гүлденгенін қалаймыз. Партия өкілдері қолға алып жатқан жақсы іске бізде қолдан келгенше жәрдемдесеміз, – дейді жергілікті шаруа қожа жетекшілері.

-Жоба өміршең. Осы арқылы Адаев ауылы жаңа келбетке ие болады. Халықтың тұрмыс жағдайы оңалады, – дейді ауыл тұрғындары.
Алдағы үш жылда «Жарқын ауыл» жобасы шеңберінде аудан әкімдіктері мен меценаттар бірлесіп, елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартып, ауылдардың эстетикалық келбеті мен тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға күш жұмылдырмақ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0