Жанкелдин ауданында жыры бітпеген ағаш көпірдің жөндеу жұмысы қашан басталады

 Тасқын суға төтеп берген мықты көпір

Торғай ауылының ой жағында атауы ерекше «Ағаш көпір» бар. Табаның бес тас тіреген шағын көпір күні бүгінге дейін шыдас беріп келеді. Ол көпірден жеңіл көліктер, ірі қара, жылқы, қой – ешкі және адамдар жаяу өтеді. Бұл ағаш көпірдің ғасырға жуық тарихы бар екен. Негізін салушы адам жайлы үлкен кісілерден сұрастырдық. Бірақ ол кісілердің есіне сол адамның есімі түспеді. Бір білерлері «Торғай энцеклопедия» кітабында бар деген болжам айтады. 2008 – 2009 жылдары көпірдің үстіңгі бетіндегі ағаштар тозғандықтан жергілікті билік өкілдері қайта жаңалап, ағамыдағы жөндеу жұмыстарын істеген. Одан бері де біраз уақыт өтті. Ағаштары кертіліп сынып, тозығы жетуге жақын. Бұл көпір Торғай ауылы әкімінің иелігінде.

«Бұл көпір алғашында «Теңізбай суаты» кейін «Бөшкемен өткел» сынды атаулары болған. Бұл біздің әкімдіктің иелігінде. Біз бұған арнайы қаржы бөліп, күрделі жөндеу жұмыстарын жасай алмаймыз. Себебі, заң аясында шектеулер бар. Тек қана осы елдің тумаларын демеушлікке тартып, жасайтын мүмкіндігіміз ғана болады. Осыдан екі жыл бұрын осы жердің тумасы, қазарігі таңда Арқалық қаласының тұрғыны жас жігіт бас көтеріп, өзім жасап беремін деп айтқан еді. Қажетті тастарды, құрылыс құмдарын қасына түсіріп қойды. Былтыр белгілі себептермен көпір жұмысын бастай алмады. Биыл тамыз айының аяғында келіп, көпірді қайта қалыпқа келтіріп береді. Жуырда телефон арқылы сөйлескенімде уәдесән берді», – дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарағұл.

Елім деген ер сөзінде тұрып, ағаш көпірді жөндеп берсе халықтың батасын алар еді. Тек «Айта, айта Алтайды – Жамал апай қартайды» дегеннің кебі болмаса болғаны.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31