Жанкелдин ауданы Милісай ауылында «Туған жердің перзенті» атты тағылымды кеш өтті

Ақынын ардақтаған ел озады

Мәдениет саласына келген жаңа басшылардың жаңаша бастамасы көпшілікке қатты ұнады. Бізде оны көзбен көріп, құлақпен естіп қайттық. Аудан өнерпаздары Шилі, Милісай ауылдарына барып, «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында концерттік бағдарламаларын тарту етті.

Үздіксіз соққан шапалақ, өнерпаздардың делебесін қыздырып, әнге, биге, күмібірлеген күйге деген құштарлықтарын арттырды. Тамаша кешке қанық болған ауылдықтар шексіз ризашылықтарын жеткізді. Айтпақшы, Милісай ауылының клуб меңгерушісі мен кітапханашысы «Туған жердің перзенті» тақырыбында тағылымды іс – шара ұйымдастырған екен. Бұл кешке Қостанай қаласынан арнайы шақырылған ақын, доцент, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, Ахметтанушы, қазақстан жазушылары одағының және әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, профессор Серікбай Оспанов осы кештің мәртебелі мейманы болды. араға отыз жыл салып, кездесу кешке келген ақынға деген құрмет шексіз болды.

С.Мәуленов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтып, ықыласқа бөленді. Ауыл жастары ақынның сөзіне жазылған есті әндерді нақышына келтіріп шырқады. Жерлес ақынның өмірбаяны, өмір жолы бейне көрсетілім арқылы көпшіліктің назарына ұсынылды. Ауыл халқы Серікбай Оспанұлының «Сегіз қырлы, бір сырлы» екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Ол кісі ақын ғана емес ағаштан түйін түйген хас шебердің өзі. Қазақтың қара домбырасын, қасиетті тал бесігін жасағанда еш мін таба алмайсыз. Шеберлігінде шек жоқ. Қандай мақтау сөз айтса да артықшылығы бола қоймас. Ғылым мен білім, ақыл мен ой, тағылымы мол тарихтың нағыз егесі. Негзігі мамандығы журналист. Кешегі кеңес үкіметінің тұсында республикалық радиода редактор қызмет атқарған. «Жалын» баспасының поэзия редакциясының меңгерушiсi болды. 79 жастағы ақынның бойынан 70 өнерді іздесеңіз қиналмай табасыз.

Кеш соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов жоғары да айтылған ерекше қасиеттердің иесі Серікбай Оспанов деп тілге тиек етті.

«Бүгінгі кеш өзгеше. Себебі ортамызда жерлес ақын ағамыз отыр. рухани құндылықты бойына сіңірген Серікбай Оспанұлымен қалай мақтансақта болады. Шегін тартсаң шежіре шертетін торғайлық тұлғалдардың бірі осы кісі. Жолдың шалғайлығына қарамай елге келіп, төбе көрсеткеніңіздің өзі мәртебе. Алла қаласа келесі жылы 80 жасқа толасыз. Сол мерейтойыңызды кең көлемде атап өтетін боламыз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін», -деді аудан әкімінің орынбасары.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2