Жанкелдин ауданы Тәуіш ауылының тұрғындары қоныс тойларын атап өтті

 Ауыл халқы жаңа үйдің кілтін алды

Су тасқыны салдарынан еліміздің бірнеше өңірлері зардап шекті. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың қолдауымен бүкіл ел болып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті. Басқа өңірлерге қарағанда Жанкелдин ауданындағы елді мекендердегі тұрғылықты үйлер су астында қалды. Бірақ, табиғат апатынан зардап шеккен халық көмексіз қалағн жоқ. Осы орайда, «Әділетті Қазақстан» негізінде мемелкет тарапынан көптеген қолдаулар болды. Мәселен, мемлекеттің бастамасымен және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 41 тұрғын үйлер салу жүйелі түрде жолға қойылды. Көлқамыс ауылындағы 19 үйдің құрылыс жұмыстары екі аптадан кейін толығымен аяқталады. Арнайы жұмыс бабымен келген Қазақстан Республикасы Премер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев шағын ауылдағы халықпен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты. Артынша, Торғай – Арқалық тас жолы бойында орналасқан Тәуіш ауылына ат басын бұрып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған жаңа үйлердің кілтін иелеріне табыстады.

«Биыл Қазақстанның бірнеше өңірлерін су басып, көптеген шығындар болды. Табиғи апат халықтың үрейін ұшырып, шарасыз күйге қалдырды. Соны бір осы Жанкелдин аудан. Ең күрделі аймақтың санатына еніп,дер кезінде төтенше жағдай жарияланды. Су басқан шағын ауылдардағы халықты қауіпсіз аймаққа көшірді. Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап, елмен бірге болдық. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын халқымыз су тасқынына қарсы тұрып,күш біріктірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тасқын судан зардап шеккен бірде-бір адам ескерусіз қалмайтындығын мәлімдеген болатын. Бүгінгі күні барлық зардап шеккен азаматтарға тиісті шығындар өтелді. Замануи талапқа сай үйлер салынды. Бүгінгі қоныс тойларыңыз құтты болсын», – деді Премер министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, облыс әкімі Құмар Ақсақалов, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының басқарма төрағасының орынбасары Лаззат Алтынбекқызы қоныс той иелерін шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Ауыл тұрғындары Мемлекет басшысына, облыс басшылығына және жергілікті билік өкілдеріне шексіз ризашылықтарын білдірді.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1