Меңдіқаралық тұрғын Жанбосын Кендірбаев атасынан дарыған қасиетті әлі күнге дейін жаңғыртуда

 Мерекеге орай, балық шарушалығы қызметкерлерін, балық шаруашылығы ғылымының ғалымдарын, балық өсірушілерді, балық инспекциясы қызметкерлері мен әуесқой балықшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз.

Осы орайда, бүгінгі біздің кейіпкеріміз, әуесқой балықшы Кендірбаев Жанбосын Еслямұлы жайлы сыр шертпекпіз.

Жанбосын Еслямұлы 1954 жылы Меңдіқара ауданына қарасты Төлеңгіт ауылында дүниеге келіп, сол өңірде өсіп-өнген. Дәнекерлеуші, механизатор мамандығын меңгерген ағамыз талай жылдар бойы Төлеңгіт ауылында адал қызмет атқарған.  Бос уақытында аңға шығып, аң аулап, қармақ лақтырып, балық аулауды әуес көрген.

Бала кезінен нағашы атасының соңынан ере жүріп кейіпкеріміз аң аулау мен балық аулаудың қыр-сырын жетік меңгерген.

-Нағашы атам аңшы, сері, өте абыройлы кісі болған. Соңау қиын-қыстау заманда аңға шығып, балық аулап өз ауылдастарын, туған-туыстарын осы кәсіп арқылы асыраған. Бала кезімізде бізді соңынан ерте жүріп, осы шаруашылықтың түрлі құпия-сырларын үйретті. Өсе келе осы кәсіпке деген қызығушылығым арта бастады. Шаңырақ көтеріп, отбасылы болған кезде де күнелту үшін, қысы-жазы балық аулайтынбыз. «Өзең жағалағанның өзегі талмайды» демекші, сол аулаған балықтарды көрші қала-ауылдарға апарып, азық-түлікке айырбастап, тіршілігімізді жасадық қой. Атамнан дарыған қасиет мені қиын уақыттарда аш қалдырмады, – дейді Жанбосын Кендірбаев

Жанбосын ағамыз жұбайы Қаламқас апаймызбен 1976 жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде 4 баланы тәрбиелеп, өсіріп, 4 баладан  немере-шөбере сүйіп отырған ардақты ата-әже.

Қаламқас апайымыз балық етінен ет асып, түрлі ет тағамдарын   дайындап, әр мерекеде дастарханының молынан жайып, жақындарын қуантатын көрінеді. Балық шарушалығынан бөлек бүгінгі біздің кейіпкеріміз жұбайымен бірге  жидек теру, соның ішінде бау-бақша шаруашылығының майталмандары.

-Қазіргі таңда зейнеттің бейнетін көрудемін. Қолым босай қалса бірден құрал-жабдықтарымды алып, балық аулауға беттеймін. Одан қалса, апаларың екеуміз  бақшадағы жеміс-жидектер мен көкеністерлі баптаймыз, жаз мезгілінде орманға барып жидек тереміз. Талай жылдардың жүзі болды аудан орталығының тұрғындарымыз. Туған жердің дәмі қашанда тәтті ғой, сол үшін,  әр дайым туған жерге арнайы барып, ауылдың балықтарын аулап келемін. Жұбайым ауылдың қара балығынан түрлі тағам түрлерін дайындағанды жақсы көреді, – дейді Жанбосын Кендірбаев

Өз ұнатқан ісінен рахат алып, ертеңгі күні пайдаға асыра алатын бүгінгі біздің кейіпкеріміздің деніне саулық, отбасыңа амандық тілейміз.

Ақжан БАЙТҰРСЫНОВА

 

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1