Биыл жидек те, бал да мол Сарыкөлдіктер жылдағы кәсібін бастап кеткен

 Биыл жидек ерекше көп. Сарыкөл өңірінде бүлдіргенді «жидек» деп атап кеткен. Жауын-шашынның көптігіне байланысты ма, бүгінде орманға жақын елдімекендерде бүлдірген самсап тұр. Сондықтан тұрғындар жидек жинап алуға кіріскен. Айта кету керек, бүлдіргеннің пісіп жетілу мерзімі ұзақ емес екен, 15-20 күннің ішінде теріп үлгеру қажет.


Соңғы жылдары төңіректе жидек аса көп шықпаған. Биыл судың мол түсуі, жауын-шашынның көптігінен болар кез кезген орман далаға шықсаңыз мол өнімді көресіз. Жидек жинау – тұрғындар арасында кеңінен тараған науқан. Әсіресе, ересектер ертедегі дағдыларын ұмытпақ емес. Ауылдағы ағайын жылдағы кәсібін бастап кеткен. Сарыкөлдік тұрғындар да биыл бүлдіргеннің ерекше мол шыққан айтып жеткізуде.

Солдат Дүтпаев, Сарыкөл ауданының тұрғыны:

-Жауынмен жер көгерер демекші, жауын мол болған жылдары жеміс-жидек те молынан шығып, ерекше шырынды дәмімен әрі көлемімен қуантады. Осындай ризық үшін табиғатқа алғысымыз мол. Нарықта жидек бағасы әдеттегіден жоғары. Отбасымызбен даладан өзіміз теріп аламыз, соның арқасында табиғат аясында таза ауа жұтып демаламыз, қысқа тосап, компот дайындаймыз. Алысқа бармай-ақ орман маңындағы ауыл-аймақ маңында теруге болады. Сатуға қоятындар әдейі алысқа барып теретін де шығар, бірақ өзімізге ауыл маңындағы жидекте жеткілікті, – дейді Солдат ағамыз.
Жидек жинау – кейбіреулер үшін жұмыс, күнкөріс. Бүлдіргеннің көптігінен биыл базардағы сауда да жылдағыдай аса қызу емес, дейді саудагерлер. Жидек теріп, сатып нәпақа тауып жүрген жандар бағаның түсіп қалғанын айтады.

-Биыл бүлдірген өте көп. Тек орманға барсаңыз, бір түптің астында бірнешеуі шоғарланып өсіп жатқанын көруге болады Және жылдағыдай емес, жемістері ірі әрі қызыл. Өте дәмді, жасыл жапырағын кейбіреулер жұлып тастайды, оны жұлмау керек. барлық емдік қасиеті оның шөбінде, кептіріп шайға қосаңыз, қандай пайдалы – дейді Солдат Дүтпаев.

Бүлдірген жинау әлдеқайда жағымды, ол үшін мол өнімі бар жерлерін іздеудің қажеті жоқ – орман маңындағы ол көптеген елді мекендердің маңында өсе береді.

Солдат Дүтпаев ағамызды бұрыннан танимыз. Ауданда басшылық қызметтерді атқарды. Қазір зейнет жасында осындай кәсіппен айналыс жүргенін естігенде қуанып қалдық. Ағамыз тоғыз жылдан бері ара ұстап, омарташылықпен де айналысады екен. Қазір бос уақытында омарташы ісін жалғастыруды ниет етіпті.

-Бал арасын өсіру оңай емес. Бұл жұмыс тиянақтылықты аса қажет етеді. Бал – пайдалы. Оны жинап болғаннан кейін туыстарға, балаларға, араласатын жолдастарымызға үлестіріп береміз. Балдың пайдасы ұшан-теңіз. Иммунитетін күшейтеді. Оған өзім көз жеткіздім. Тіпті қолды жарақаттап алған кезде, балды суға араластырып, иодтың орны қолдануға болады. Ара шаққанда у болады. Ол шаққанда бала күнімде шынтағымды ауыртып алдым, сырқырағанын басу күніне бірнеше рет араға шақтырып, кейін сол ауырған жері дереу басылып кетті, – дейді омарташы.

Оның айтуынша, мұн¬дай кәсіпті омарта орналасатын орынды таңдаудан және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алудан бастау керек. Ол үшін омарта орналастырылатын жер телімі желден жақсы қорғалған, құрғақ жерден таңдалғаны дұ¬рыс. Сонымен қатар, болашақ омартаның айналасында орман немесе ағаш шоғырларының, бау-бақшалардың, аралар бал тарата алатындай гүл¬дер мен шөשּׁ¬тер өскен далалық аумақтардың болуын ескерген абзал.

Омартаны орналастырған кезде ара ұяларының құрылысына мән берудің де маңызы зор. Өйт¬кені, оның сапасы жұмыс істеуге қабілетті аралар тобының қалыптасуына, сонымен қатар, омарташының еңбек өнімділігінің артуына ықпал етеді.
Солдат Дүтпаев – біраз жыл мемлекеттік қызметте, кейін орталықтандырылған кітапхана жүйесін басқарды. Алайда, кейін таныстарының айтуымен омарта ұстауға құмар болды. Қазір нағыз бал жинау маусымының басталған шағы.

-Түйежоңышқа, күнбағыс, қыша, эспарцет, мақсары өсімдігінен аралар нектар тасиды. Аралар ұясына жинап әкеледі. Одан кейін балға айналдырады. Біз оны ақырындап сорып аламыз. Аралар тасып болды, енді сору жұмыстарын жүргізудеміз. Қазір нағыз бал жинау науқанының нағыз қызған кезі. Ауыл арасында биыл бақбақ көп болды. Біз бір жерде көп тұрақтамаймыз. Кейде алпыс-жетпіс шақырым жерге дейін көшіп жүреміз, – дейді ол.

Кейін зейнет демалысына шыққан кейін омарташы кәсібімен айналысуға қызығушылығы біржола оянып, осы істі қолға алған екен. Қазір күні-түні демей омартаның басында.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1