Жанкелдин ауданында медицина қызметкерлерінің мерекесі өтті

 Ақ халаттылар еңбегі зор

Бүгін аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов ақ халаттыларды мерекелерімен құттықтады. Өткен тарихқа шолу жасап, өңірдегі медицина саласының жетістіктерін тілге тиек етті. Ауыл, ауылдық округтердегі медпункттар мен акушерлік пунктарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін айтты. Сонымен қатар, облыс әкімінің құрмет грамотасы мен аудан әкімінің алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстады.

Мерекелік құттықтау мен марапаттан кейінгі жиын концертке жалғасты.

“Біз медицина қызметкерлері халыққа қызмет жасауға міндеттіміз. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін салада жеткен жетістіктер бар. Әріптестерімнің елеулі еңбектері еленіп жатқанына қуаныштымын. Алдағы уақытта тынымсыз жұмыс істеп, Торғай халқына қызмет етуге дайынбыз” — деді бас дәрігер Эльмира Сәпенқызы өз құттықтауында.
Сонымен қатар, республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

Аудандық мәслихаттың депутаты Гүлбану Құлетқызы “Amanat” партиясының алғыс хаттарын тапсырды.
Адам жанының аршасына айналған ақ халатты жандардың еңбегі зор. Өз істерінің машықты мамандарына айналған жандар аудан мақтанышы.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0