Жанкелдин ауданы Сужарған ауылында шағын футбол алаңы салынуда

Құрылыс жұмыстары қарқынды

Сужарған ауылына шағын футбол алаңын салу үшін аудандық бюджеттен 10 млн теңге қаржы бөлінді. Ендігі міндет қаржыны мақсатты игеріп, салынып жатқан алаңның сапасына мән берсе болғаны. Құрылыс жұмыстарын ауыл азаматтары қолға алған екен. Яғни, жанашырлық танытып, көз қысты, бармақ бастыға бой алдырмайды деген сенімдеміз.

-Көптен бері жоспарда жүрген жұмыс еді. Өткен жылы аудан әкімі шағын футбол алаңының сметалық құжатын дайындап, жүйелі жоспар жасауды тапсырды. Соның нәтижесінде, аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Үш адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Алдыңғы жылы ауыл тумаларының демеушілігімен балалар ойын алаңы салынды. Оның сыртында Жасұлан Асқарұлының бастамасымен ауыл аты айшықталып жазылып, ауыл саябағының ішіне орнатылды. Қашанда көптің тілегі орындалады. Ауыл халқының басты арманы қысқы су құбыры еді. Олда жүзеге асты. Әр үйге су шүмегі кіріп тұр. Қаладағы тіршілік ауылда да бар. Мектеп жанынан бой көтеріп жатқан спорт зал мен асхананың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ал, шағын футбол алаңын мерзімінен бұрын аяқтап 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, салтанатты түрде ашылуын жасап, пайдалануға береміз, – дейді ауыл әкімі Берік Әубәкіров.

Торғай – Арқалық тас жолы бойында орналасқан Сужарған ауылы заманауи көш керуенінен қалмауы керек. Бұл біріншіден ауыл халқының бірлігіне, екіншіден ауыл әкімшілігінің тынымсыз тірлігіне байланысты.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31