Жанкелдин ауданында үй салу жұмыстары басталды

Тұрғындардың ұсынысы ескерілді

Көктемгі тасқын судың зардабынан жапа шеккен Тәуіш ауылына құрылысшылар келіп, үй салу жұмыстарына кірісуде. Аталған ауылға 22 үй салынады.
Қазіргі таңда мердігерлер “БК Строй” және “РудныйСоколовСтрой” мен “Ирина и К” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктестігінің құрылысшылары іргетасын қалаудан бастады. Қосымша «Алюминстрой» мен «ЭлитСтрой Дом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күш жұмылдыратын болады.
Құрылыс жұмыстарына Денисов, Қарабалық аудандарыда көмек қолын созуға ниет білдіріп отыр.


-Үй салатын жерлерді белгілейтін уақытта Тәуіш ауылының тұрғындарының ұсынысын назарға алдық. Олар жаңадан салынатын үйлердің арасы 10 метрден де алшақтау болса деген талаптарын айтты. Осы мәселені негізге алып,облыстық құрылыс басқармасы мен жобалаушыларға ұсыныс жолдадық. Сондықтан құрылыс жобасы қайта қаралып, ұсыныс мақұлданды. Яғни, екі үйдің арасы 25,40 шаршы метрге ұзарды. Біз құрылыс жұмыстарын күнделікті қадағалап, сапасына мән беретін боламыз, – деді аудан әкімі Шота Оспанов. Тұрғын үйлерді мамыр айының соңына дейін аяқтап, тұрғындарға пайдалануға береді. Сонымен қатар, Көлқамыс ауылына 19 үй салынып, ауылдық ағайындар баспанамен толық қамтылады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4