«Таза Қазақстан» акциясы аясында Арқалықта 2000 түп көшет егілді
Қала тұрғындары Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан республикалық акцияға ат салысуда
Қала көшелері, орталық демалыс саябағына бір мезетте екі мың түп көшет отырғызды.
Аумақты тазалау және көгалдандыру жұмысына қала әкімі Әмірхан Асанов және оның орынбасарларынан бөлек, кәсіпорын басшылары мекемелер мен ұжымдар, жоғары және кәсіптік оқу орындарының студенттері қатысты. Жалпы, қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын белсенді қала жастары жиналды.
– Қазақстан Республикасында өткізіліп жатқан көгалдандыру науқанында қаламыздың «Жастар саябағында» МӨСБ жеке құрамы 50 шыбық егіп, еліміздің көркеюіне үлесімізді қосып жатырмыз. Әркім ортақ іске үлес қосатын болса, еліміз көркейе түседі. Біз қаламызды абаттандыруға үлес қосуымыз керек, – дейді Арқалық қаласы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы Естай Тұрманұлы.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31