«Достық әнін шырқайық» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен Докучаев жалпы білім беретін мектебінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық әнін шырқайық» атты мерекелік концерті өтті. Мерекелік шара басында аудан әкімі Мәди Ихтиляпов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Құрметті науырзымдықтар!

Баршаңызды достығымыз бен татулығымызды, бейбітшілігіміз бен мызғымас тұрақтылығымызды білдіретін мереке – 1 Мамыр Қазақстан халқы бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдарында жүргізілген реформалар, ең алдымен, мемлекеттің тұтастығын қалыптастырып, көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін сақтауды көздеді.

Қазір біздің бірлігі жарасқан еңселі ел, зайырлы мемлекет екендігіміз дүниежүзінің баршасына аян. Қазақстан бүгінде бірлік пен татулықтың мекені»,-деді аудан басшысы.

 

Мерекелік шара барысында әсем әуендер шырқалып, мың бұрылған бишілер өз өнерлерін көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.

 

Жибек НУРСЕИТОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0