Ауыл тұрғындары үйлеріне оралып, отбасымен қауышты
Судың деңгейі төмендеп қауіп сейілді
Жангелдин ауданы бойынша төтенше жағдай жарияланып, тасқын судан зардап шеккен тұрғындары аудан орталығына көшіп келген болатын. Олар колледж ғимаратына, дене шынықтыру – спорт кешініне және Интернат үйіне орналастырылған еді. Қауіпсіз жерге орналасқан ауыл тұрғындарына көп көңіл бөлінді. Сырттан келген гуманитарлық көмек барлық ауылдықтарға таратылды. Қанша асты үстеріне түсіп, жағдайларын жасап жатса да, жанарларындағы мұңдарын жасыра алмады. Себебі, ауылда қалған ер адамдарды, су ортасындағы үйлерін, сумен ағып жатқан малдарын уайымдап, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Ертеңгі күннен үміт үзбеген тұрғындар әйтеуір бір күні ауылымызға ораламыз деп өздерін жұбатумен болды. Қарт кісілер мен әйелдер және балаларды қосқан 226 адам екен. Көптен күткен қуанышта келіп жетті. Күні кеше Көкалат, Көлқамыс ауылдарының тұрғындары тік ұшақпен елдеріне оралды. Ата – әжесін сағынған немерелері құрақ ұшып, қауышып жатты.
«Қанша жерден қызмет көрсетіп, жағдайымызды жасап жатса да өз үйіміздей болмайды екен. Балаларымызда ауылдық сағындық деп күнде айтады. Олар ойын баласы ғой. Барған кезде суға кеткен үйді көргенде қандай күйде болады. Апта бойы біздің еркелігіміз бен ашуымызды көтерген барлық Торғай халқының тұрғындарына алғыс айтамыз. Күдіз түні қызмет жасап, үш мезгіл ас мәзірімізді дайындап берген барлық қызмекерлерге дән ризамыз. Аудан басшылығына да рахмет. Еңбекте табысты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алла тағала халқымызды табиғи апаттардан сақтасын», – дейді ауылдық ағайындар.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31