Науырзым ауданында қоғамдық монша ашылды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қарамеңдіде қоғамдық монша пайдалануға берілді. Бұл игі істі науырзым ауданының қос азаматы Еркебұлан Ысқақов пен Абылай Қайратов өз қаражатына салыпты. 

Ауыл тұрғындарының сұранысынан туындаған монша құрылысына 6 млн теңге жұмсалды. Бір мезгілде 40  адамды қабылдау мүмкіндігі бар нысан бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасайды.
Қоғамдық моншаның киінетін, жуынатын, бу бөлмелері арнайы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жабдықталған. Моншаға түсу бағасы ересектерге 1300 теңге, балаларға 800 теңге, зейнеткерлерге 1000 теңге болып белгіленген.
  Ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері қатысқанын айта кету керек.
«Бүгін өзінің кіші Отанының жас патриоттары Еркебұлан Ысқақов пен Абылай Қайратовтың арқасында ұзақ үзілістен кейін «Рахат» қоғғамдық моншасы ашылды.  Ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта Науырзым ауданының әкімдігі жастарды, өз Отанының нағыз патриоттарын қолдау жөніндегі жұмысты жалғастырады», – деп жариялады аудан әкімі Мәди Ихтиляпов өзінің интаграм парақшасында.
Шұға АҢСАҒАН

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1