Аманқарағайда жеті баланың анасына «Алтын алқа» табысталды

Аптаның бірінші күні Аманқарағай ауылдық округінің әкімі Байтемір Исмаилов «Күміс алқа» иегері Есова Алтынай Сағындыққызының омырауына «Алтын алқа» орденін тапсырып, ата-ананың бақыты балада деген, балаларың аман болып, әрқашан жүзің жарқын, көңілің шат болып, мейірім-шуаққа бөлене бер деген игі тілегін білдірді

 

Біз де Алтынай Сағындыққызын үлкен марапатымен құттықтап, әңгімеге тарттық.

– Көп перзент сүю Жаратқанның бергені емес пе. Ерім Камалияров Ерлан Алдамұратұлы екеуміз де көп балалы отбасында өстік, бала сүюді Алланың берген сыйы деп қабылдадық.

Отбасымыздың тұңғышы Мақпал тұрмыста, балабақша тәрбиешісі, ұлым Аманай Отан алдындағы міндетін атқаруда, Мерей Қостанайда педколледжде грантта оқиды, болашақ бастауыш сынып мұғалімі, Мұрат Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің студенті, Мақсат №2 Аманқарағай ЖББМ-нің 2 сынып оқушысы, Айханым даярлық сыныбына барады, кенжеміз Аида екі жастан асты.

Жолдасым тракторшы. Екі студентіміз стипендия алады. Үй жанында бау-бақша егеміз, Құдайға шүкір, ұл-қызымызды өсіріп, өз күнімізді көріп отырған жайымыз бар. Ай сайын мемлекеттен жәрдемақы аламыз, – деді «Алтын алқалы» ана.

Дана халқымыз «Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады» дегендей, әр баланың өз несібесі болады. Алтынай Сағындыққызы мен Ерлан Алдамұратұлының ұл-қыздары аман болып, еліміздің тұтқасын ұстар бір-бір үлкен азамат-азаматшалар болсын деген тілегімізді білдіреміз.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1