Тобыл қаласындағы қазақ тілінде білім беретін мектепте жаңа оқу жылында оқушылар саны айтарлықтай көбейген

1 қыркүйек Білім күні ақ бантик, ақ жидемен мектепке асыққан оқушылар айналаны жарқыратып жітерді

Жаңа 2022-2023 жылғы оқу жылын ашқан «Алғашқы қоңыр» жиыны Тобыл қаласындағы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиядада жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Жиын барысында білім ордасының директоры Айткүл Әлімова сөз алып, барлық оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сонымен қатар ол өз сөзінде биылғы оқу жылында енгізіліп отырған бір қатар өзгерістерге де тоқталып өтті. Басталып отырған жаңа оқу жылында 1 сынып балалары орыс, ағылшын тілдерін оқымайтынын, тек қазақ тілінде білім алатынын атап өтті.

Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бірінші сынып оқушылары өздерінің тақпақтарын айтып, «Алғашқы қоңырау» соғылды.

Сондай-ақ балаларын мектепке жетектеп келген ата-аналар өздерінің ақ жарма тілектерін білдірді.

– Бүгін ерекше күн. Ұлым Арлан 1 сыныпқа барды. Соның Алғашқы қоңырауын тамашалап мәре-сәре болып жатырмыз. Әрине, бұл әр баланың өміріндегі ұмытылмас шақ. Сондықтан бүгін мектепке келіп жатқан барлық оқушыларды Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Білімге деген құштарлықтары оянып, тек биіктерден көріне берсін, -дейді ата-ана Меруерт Байдаулетова.

Биыл аталмыш білім ордасына 1 сыныпқа келген оқушылардың саны көп болып отыр. Өткен жылы мұнда тек 3 бірінші сынып болса, биыл 4 бірінші сынып болып отыр. Тамыз айының соңында білім ордасына балаларын 1 сыныпқа бергісі келетін ата-аналардың тарапынан көп өтініш түскен. Сондықтан мектеп ұжымы 4 бірінші сыныпты ашуды ұйғарған. Бүгінде мұнда 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б», 1 «В» сыныптары білім алуға кірісті.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31