Торғайда бес баланың қарбыз жегеннен кейін құсып, іші өткен

Қазір дер кезінде емделген бүлдіршіндердің жағдайы жақсы

Жаз айларында балалардың арасында түрлі себептерге  байланысты инфекция аурулары көбейіп кететіні белгілі. Осы орайда, Жангелдин ауданының орталығы Торғайда кішкентай балалардың арасында іш өту, құсу жағдайлары болып жатыр деген бірнеше шағымды құлағымыз шалып,  өңірдегі жағдайды білу мақсатында Жангелдин аудандық аурухананың балалар бөліміне хабарласқанымызда:

– Ауруханаға құсу, іш өту жағдайларымен бес бала келіп қаралды. Олардың ата-аналары балаларының қарбыз жегеннен кейін құсып, іші өткенін айтты. Ауырып келген балаларға қажетті ем жасалды. Дер кезінде емдік шараларын қабылдаған бүлдіршіндердің жағдайлары қазір жақсы, – деді аурухананың балалар медбикесі Жанерке Бекниязева.

Биыл күн ыстық. Балалардың күн ұзақ далада жүрулері де денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан ата-аналардың балаларын тек күн қайтқан кезде ғана далағы шығарғандары дұрыс.

Айгерім БАЙГЕНЖИНА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1