Жангелдин ауданында «Рамазан қоржыны» атты акция ұйымдастырылды

Қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, нәпсіні тиюмен бірге, сауапты іс жасап, қайырымды болғанның орны бөлек

Рамазан – қайырымдылық пен мейірімділіктің айы. Бұл айда сауаптар еселеніп жазылады. Бұл айда Пайғамбар үмбеттері жақсылық жасап, сауап жинауға асығады. «Оспанқожа әулие» мешітінің наип имамы Аян Хасеновтың сөзінше, жыл сайын қайырымды азаматтардың саны артып келеді екен. Мәселен, Қостанай қаласының тұрғындары, Азербайжан ұлтының өкілдері Видади Мұхаммадоглу және Назим Нариманоглу қасиетті Рамазан айында қайырмыды іс жасады. Олар «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясы аясында 200 отбасыны азық – түлікпен қамтыды. Аталаған акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдан келгенше көмек көрсету.

– Істеп жатқан жақсылықтардың бәрі Алладан қайта берсін. Алланың нұры жаусын осы кісілерге. Жақсылық жасау екінің қолынан келе бермейтін іс. Бүгін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Дәл қазір бізге өте жақсы әжептәуір көмек болды. Қазіргі таңда азық-түлік бағасының барлығы өте қымбат. Күн санап шарықтап барады. Бағаны босқа көтере бермей халықтың қамын ойласа екен. Саудагерлер де сауапты іске жұмылдырылса нұр үстіне нұр болады, – дейді көп балалы аналар.

Байбатыр АХМЕТБЕК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6