«Бата» жобасына Сарыкөл ауданы бойынша 450 адам қатысты

Бұл республикалық шара аясында 11 іс-шара өткізіліп, барлық ауылдар қамтылды

Айталық, аудандық балалар кітапханасы мен тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары» атты аудандық фольклорлық байқау өтті. Ал, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі болса, «Қош келдің, Наурыз!» атты шара ұйымдастырды.

Сонымен қатар, ауданның барлық білім беру ұйымдарында да көптеген жобалар қолға алынып, ұлттық құндылықтар барынша дәріптелді. Солардың ішінде Краснодон жалпы білім беретін мектебінде «Ұлттық тағамдар күні» аталып өтілсе, Соналы негізгі орта мектебінде «Көктемді балаларға сыйлайық» акциясы, ал Маяк негізгі орта мектебіне «Ақ бата» атты іс-шарамен жалғасты. Қорыта айтқанда, мұның бәрі бабалардан жалғасып келе жатқан Наурыз мейрамын кеңінен насихаттау үшін жасалынған игі шаралар болатын. Сондықтан, біз де келе жатқан Ұлыстың Ұлы күнімен барша ағайынды шын жүректен құттықтаймыз!

Руслан ӘЛКЕЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1