Жангелдин ауданы А.Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны шағын наубайхана ашты

Қазіргі таңда кәсіп ашамын деген адамға мемлекеттен қолдау бар

Көптеген мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын ел көруде. Мәселен, Жангелдин ауданы А.Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны Гүлімжан Шарипова нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша өз кәсібін ашу үшін мемлекеттен 583,4 мың теңге қайтарымсыз несие алды.

Наубайхана лентасы Тәуелсіздік мерекесі күні салтанатты түрде қиылды. Оған ауыл әкімі Нұрсұлтан Байділдин, ауыл қариялары қатысып, ізгі тілектерін арнады.

– Бүгінгі заман талабы кәсіп ашумен шектеліп отыр. Аудан орталығынан шалғай ауыл болғандықтан шағын наубайхана ашуд ұйғардым. Ұн өнімдерінен бəліш, тоқаш, жеміс қосылған тәтті бәліш пісіруді қолға аламын. Арасында бөке нан пісіруді де жоспарлап отырмын. Ең бастысы кәсібімнің игілігін ауыл тұрғындары көрсе екен деймін. Наубайханаға қажетті құрылғыларды алдым. Енді майлы қамырдан жасалған тәтті кондитерлік кілегей жемістерді жасап, арзан бағада сатылмға шығарамын, – дейді кәсіпкер.

Гүлжан БӨЛЕГЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1