Жерлесіміз Қазақстанның «Құрметті азаматы» Жақсылық Жүнісов

Торғай жерінің тумасы, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, зейнеткер Жақсылық Жүнісов Қазақстан Республикасы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының құрметіне бөленді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған Қазақстан Республикасының «Құрметті азаматы» байқауына қатысты. Нәтижесінде, Еліміздің рухани және әлеуметтік дамуына қосқан айырықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының «Құрметті азаматы» деген атаққа ие болып, төсбелгімен марапатталды.

Жақсылық Нұғұманұлы 1953 жылы 13 мамырда Ақшығанақ (бұрыңғы Шақшақ Жәнібек) ауылында дүниеге келген. Отан алдындағы азаматтық борышын Германия мемлекетінде өтеген. Алғаш еңбекжолын құрылысшы, қойма меңгерушісі болып Милісай ауылынан бастаған. «Құрылыс шебері», «Еңбек үздігі». Сол кездегі, Южный, Бидайық, Шилі совхоздарында бас құрылысшы қызметін атқарып, елді-мекендердегі құрылыс саласының өркендеуіне үлес қоса білген еңбек адамы.

– 1994-1997 жылдары аралығында Амангелді ауданына қарасты Жыланшық совхозында совхоз директорының өндірістік жөніндегі орынбасарлық жұмысын абыройлы басқардым. Кейінгі жылдары Шилі жерінде совхоз директоры болдым. 1998-2001 жылдары Камышин ауданында және Милісай мен Бестау совхоздарында конкурстық басқарушы банкроттық жөніндегі жұмыстарға араласып, түйінді мәселердің мәнісіне ықпалым тиді. 2001 жылы Арқалық қаласындағы Торғай боксит кен басқармасында қауіпсіздік қызметіне тағайындалып, 6 жыл жұмыс жасадым. 2007-2015 жылдары Қостанай қаласындағы «Иволга холдингі» компаниясының Астана қаласы «Алтын-Роз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының жалдау және шарушылық орынбасар және 2016 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің бас менеджері қызметін атқардым. Сол кеңес үкіметі тұсында жасаған еңбегі Тәуелсіздік жылдарымен тоғысып, елелулі еңбегі ескеріліп, жоғары дәрежелі атаққа ие болып отырмын. Еңбегімнің еленіп жатқандығы Тәуелсіздігіміздің жемісі деп білемін, – дейді құрмет иесі.

Жұбайы Мұнсыз Қалмұқанқызы ардагер ұстаз. Жапырақтары кеңге жайылған қос бәйтерек 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп, ел қатарына қосты. Солардан 3 немере сүйіп, ата мен әже бақытына бөленуде. Қыздың үлкені Венера мен кішісі Эльвира М.Дулатов атындағы педагогикалық институтын және А.Байтұрсынов атындағы университетін тәмамдаған. Жоғары білімді. Тұрмыс құрып, лауазымды қызметтердің басы – қасында жүр. Ұлы Шерханда Тынышбаев атындағы теміржол академиясын аяқтап, өз саласы бойынша жемісті еңбек етуде. Немересі Ханали №15 Лицей мектебінің 6 сынып оқушысы. Спорттың «Таэквондо» түрімен айналысып келеді екен. «Қызыл белбеу» иегері. Жасаған еңбек ескерусіз қалмай еленіп, ұрпағы өсіп – өніп жатса одан артық бақыт бар ма?!

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2