Жангелдин ауданының қос бірдей жас талантты республикалық байқауда «Гран – При» иеленді

«JAS ORKEN» республикалық байқау жыл сайын ұйымдастырылып келеді

Аудандық, облыстық кезеңдерден өткен талантты балалар республикалық кезеңде бақтарын сынап, білімдерін саралайды. Бұл байқау ережесінің негізгі басты шарттары. «Халықтың сүйіктісі» ұлттық премиясы аясында халықтың сүйіктісіне айналар талантты балаларды анықтау мақсатында ұйымдастырлыған байқауға 107 үміткер қатысты. Соның ішінде Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Әулетбек Жүсіпбек «Жас дарын» және Қ.Жармағанбетов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Бекзат Әмірхан «Жас ақын» номинациясы бойынша Гран-при иегерлері атанды.

– Біз жыл сайын облыстық, республикалық байқауларға қатысамыз. Бойымыздағы таланымыз бен дарынымызды көпшіліке насихаттау үшін үнемі ізденіспен жұмыс жасаймыз. Бірімз студент, біріміз оқушымыз. Талабымызды ұштап жүрген ұстаздарымызға ризашылығымызды жеткіземіз. Расында, шын талант ауылдан шығады. Ал, олардың есімдерін республика жұртшылығына таныту өенрді бағалай білген жандарға тікелей байланысты. Біз жеңімпаз атанып, ауданымыздың, туған жеріміздің намысын Респулика көлемінде қорғағанымыз үшін бақыттымыз,- дейді қос жеңімпаз.

Қостанай облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова жеңімпаздарға марапаттарын табыстап, шын жүректен алғысын білдірді.

Гүлжан БӨЛЕГЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1