Шеген ауылдындағы мешіттің құрылысы аяқталуға жақын

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шалғайдағы ауылдарға серпін берді

Мәселен, Жангелдин ауданы Шеген ауылының азаматтары бас көтеріп, қаржы жинап, ауыл орталығынан заманауи үлгідегі Мешіт салуды ұйғарды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылысшылар сол елдің азаматтары. Сыртқы жұмыстарын толықтай болғасын ішіне жылы жүйесі тартылып, электр жарықтарын орнатады.

– Барлық елдің азаматтарының көзі ашық, көкірегі ояу. Патриоттық сезім қалыптасқан адамдар қашанда туған жердің, туған елдің тірегі бола алады. Біздің ауыл азаматтары өздері бастама жасап, мешіт салуды қолға алды. Тәрбиенің басы имандылықтан басталады. Сол себепті Алланың үйін салып, жастарды имандылыққа шақыру парызымыз. «Туған жерге тағзым» бағдарламасын жүзеге асыру жолында көптеген тыңғылықты істер атқарылып жатыр. Мен ел азаматтарына дән ризамын. Үнемі қолдау көрсетіп, ел иглігі үшін қиындықтан тартынбайды. Керсінше, жаңашылдыққа талпынып отырады. Мешіттің құрылыс жұмыстары толығымен біткен соң қоғамдық жұмыста жүрген адамдарды мерзімдік жұмыспен қамтитын боламыз. Ауылымының азаматтарына елдің атынан алғысымды білдіремін,- дейді ауыл әкімі Елдос Едіресов.

Мешіт салу сауапты іс. Рухани құндылықтың барлығы асыл дінімізде. Тәуелсіз елдің жастары дінге бет бұрып, Аллаға құлшылық етіп, ғибадат жасауда. Бұл елдігіміздің нышаны.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2