«Диагностикалық медициналық кешен» автобусы жұмыс істеуде

Әлемді жайлаған «COVID-19» жұқпалы індеті күн санап өршіп келеді

Осыған орай көптеген карантиндік талаптар қойылды. Былтырғы жылы мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері онлайн режимде сабақтарын жалғастырды. Әлем елдері індетке қарсы вакцина ойлап тапты. Өткен жылы коронавирус жұқтырғандардың саны өте көп болды. вакцина қолданысқа енгізілгеннен кейін саябырлағандай болды. Бірақ, немқұрайлық танытпай санитарлық талаптарды сақтаған жөн. Мәслене, жыл басынан бері Жангелдин ауданы бойынша 28 адам пневмониямен ауырған. Жұқпалы індетпен айырғандар саны – 108. Оның ішінде жүкті әйелдердің арасында 8 адам осы індетпен ауырған. Қыркүйек айында алынған анализдің қорытындысы бойынша 50 адамнан коронавирус белгілері анықталған.

– 2021 жылдың 15 наурызынан бастап, жұқпалы індетке қарсы екпе салынып жатыр. Қазіргі таңда орталық ауруханада «Спутник-V», Hayat-Vax, CoronaVac, QazVac, Sinopharm вакциналары бар. Күні бүгінге дейін ауыл, ауылдық окргутерді аралап, екпе салып жүрміз. 5060 доза бірінші компоненттен,4560 доза екінші компонентте келді. Бірінші компонентпен бойынша 3627 адам егілді. Ал, екінші компонентпен 2964 адам екпе алды. Екпе салу жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы орталық ауруханаға келген «Диагностикалық медициналық кешен» автобусымен апта сайын жүрмелі екпе салу жұмыстары нәтижелі жүріп жатыр, – дейді медицина маманы Жанар Бимағанбетова.

Кейбір уақытта күшейтілген карантин талаптарын сақтамай қаншама адам жұқпалы індетпен ауырды. Өзіміз үшін болашағамыз үшін сақтық шараларына қатаң қарауымыз керек. «Індеттің емі – екпе» алу екенін ұмытпауымыз керек.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1