ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша Департаментіне қарасты «Қайрақ» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінде есірткі затын ұстау дерегі анықталды
Аталмыш дерек Ресей Федерациясына жолға шыққан отандасымыздың қол жүгін тексеру кезінде «Зита» қызметтік итін пайдалану арқылы іске асқан болатын
Тексеру кезінде Қазақстан Республикасы азаматының қалтасынан өзіндік иісі бар, жасыл түсті гашиш есірткі заты табылады. Жалпы салмағы 5 грамм.
Қолға түскен азамат бойынша құзырлы органдарға хабарланып, тексеру амалдары жүргізуде.
ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері есірткі заттарын тасымалдауға жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағдарланған.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
Просмотров: 0