Қош келдің, Доңыз жылы

Жерлестеріміздің алдында асқаралы міндеттер тұр

«Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп халқымыз босқа айтпаған. Өткен жыл қостанайлықтар үшін жемісті болды деп нық сеніммен айта аламыз.

Жаңа жылда да алдымызда қаншама үлкен міндеттер тұрғаны айдан анық. Оған мақаламызды баяндау барысында тоқталатын боламыз.

Өткен 2018- ші ит жылы аяқталып, 2019 –шы доңыз жылына да қадам бастық. Жалпы, ескі жылға өкпеміз жоқ, жаңа жылдан күтер үмітіміз де жеткілікті.

Былтырғы жыл еліміз үшін де, өзіміз ғұмыр кешіп жатқан Қостанай өңірі үшін де жаман жыл болған жоқ. Қазақстанда көптеген маңызды халықаралық деңгейдегі басқосулар өткізілді. Қаншама халық үшін маңызды құжаттарға қол қойылды.

Оны қалың жұртшылық теледидарлардан көріп, басылымдардан оқыды. Сондықтан оның бәріне тоқталып жатуды артық көрдік. Дегенмен де республикамыз үшін аса маңыздыларын тілге тиек еткен жөн болар.
Тәуелсіздік алған 27 жыл да талай асуларды алдық. Әлемдік қоғамдастықта мемлекетіміздің мерейі үстем болып, абырой-беделі барынша асқақтай түсті.

Мұның бәрі де Елбасының Жолдауларында жан-жақты айтылды. Соңғы уақытта халық назарына ұсынылған «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақалада да көп жайлар қозғалды.

Бұл әрине, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаланың жалғасы. Енді осы келешекте жүзеге асырар міндеттерді қолға алып, әркім өз жұмыс орнында іскерлік пен белсенділік танытуға тиіс.

Әсіресе, жастарымыз өз Отанының өткен тарихын біліп, терең білім алып жатса нұр үстіне нұр емес пе. Жастар демекші, Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылды жастар жылы деп жариялады.
Сондықтан еліміздің жарқын келешегі болып табылатын бозбалалар мен бойжеткендерге өздерін көрсетуге толық мүмкіндік жасалып отыр.

Ит жылы әңгіме болғанда еске алар, әрі тарихи маңызы зор деректер мен дәйектерге де назар аударғанымыз абзал. Мәселен, өткен жылы дүниежүзіндегі ең көрікті де сұлу шаһар Елордамыз Астанаға 20 жыл толды.
Осы кезең ішінде қала мүлдем адам танымастай өзгергені белгілі. Сондай-ақ республикамызда өндірісте ауылшаруашылығында қол жеткен табыстарымыз аз емес. Болашақта ұстаздардың мәртебесі арта түсетіндігі даусыз.

Ал енді өзіміздің ғұмыр кешіп жатқан өңіріміз бен Қостанай шаһарына да аз кем шолу жасап өтелікші. Өзіміз түгіл алыс-жақыннан келген қонақтар таң қалып, тәнті болатын жайлар орын алды.

Ең алдымен «Нан болса, ән болады» демекші, облыс диқандары бітік өскен егінді шашпай төкпей жинап алып, қамбаға құйып алды. Халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы және басқа талаптарға сай көптеген тұрғын үйлер бой көтерді.

Сіз облыс орталығындағы «Әуежай» және «Юбилейный» шағын аудандарына атбасын бұрып көріңізші. Бұрын бос жатқан жерлер қандай игі өзгеріске түскен.

Жаңа жылдын да көп үміт күтеміз. Себебі, жерлестеріміз өздерінің болашағын да осы жылмен тығыз байланыстырады. Биылда қаншама тұрғын үйлер салынады. Халқымыз бен жұртымыз үлкен қуанышқа кенеле береді деген нық сенімдеміз.

Жаңа жыл құтты болсын. Ол бәрімізге қуаныш әрі молшылық алып келсін.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1