Өрттен сақтану жайы пысықталды

Онда арнайы оқу-жаттығулар өткізілді

Арқалық қаласы №2 өртке қарсы мамандандырылған жасағы қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «өрт қауіпсіздігі» бойынша оқу-жаттығулар өткізді.

Оқу-жаттығу барысында «Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және шартты өртті сөндіру» тақырыбында өртті-техникалық оқу-сабақтары жүргізілді.

Тактикалық жаттығу барысында өртті сөндіру, адамдарды құтқару тәсілдері пысықталып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен шұғыл штабтың әрекеттері бақыланды. Арнайы оқу-жаттығуға 10 мамандандырылған жасақ қызметкерлері және екі өрт сөндіру техникасы қатысты.

Сала мамандарының жаттығу-түсіндірмелерін мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев өз қызметкерлерімен төтенше жағдайлар немесе өрт шыққан кезде қалай дұрыс әрекет жасау керектігін тыңдап, ғимараттағы қосымша көшіру есіктерінің әрқашан ашылып-жабылуы туралы да айтты.

Сонымен қатар ғимарат қызметкерлерінің жедел дұрыс шешім қабылдауы, іс-әрекет жасауға психологиялық тұрғыда дайындығы да ескерілді.

Мұндай оқу-жаттығуларды өткізіп тұру – тиісті сала қызметкерлері мен төтенше жағдайға тап болған ғимарат иелері үшін зор пайдасын келтірері сөзсіз.

Осы оқу-жаттығу кезіндегі іс-әрекетті қорытындылай келе оған жақсы деген баға берілді.

Оразалы  ЖАҚСАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31