Білікті мамандар сұранысқа ие
Университетте дөңгелек үстел өткізілді
Бүгін жақында ғана қазақтың көрнекті ғалымы Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілген Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде „Серпін мәселелері және келешегі„ деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Осынау маңызды жиынды университеттің академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, елімізге белгілі ғалым Гүлвира Мұсабекова сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды.
Оған облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы Индира Дәулетханқызы, облыстық білім басқармасының персоналды басқару қызметінінің бас маманы Наталия Мурсалина, „Біздің Қостанай„ газетінің редакторы Оразалы Отынбайұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Бахыт Қоржынбаева, „Серпін„ әлеуметтік жобасының өткен жылғы түлектері және қазір осы бағдарлама бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.
Онда жоғары оқу орнының түлектері яғни бұл күндері өңірдегі бірқатар білім ордаларында жемісті қызмет атқарып жатқан жас мамандар Сапарбек Бекполатов, Сәлима Оразалы, Бексұтан Айту, Таңат Ертай және 4 курс студенті Сәуле Нұрақова өздерінің ойларын ортаға салды.
Университет проректоры Гүлвира Мұсабекова жиынды қорытындылай келіп, „Серпін„ жобасы бойынша білім алып жатқан шәкірттерге шынайы лебізін білдірді.
Осы басқосуға қатысқан университет басқармасының басшысы Нұрлан Қабдырахметов дөңгелек үстелдің аса тағылымды өткендігін айта келіп, барша қауымға алдағы уақытта да тек биіктен көріне берулеріне тілектес екендігін білдірді.
Оразалы Жақсанов
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31