«Адал қызмет – ұрпақ жалғасы» – дәл осындай атаумен Н. Островский атындағы қалалық кітапханада кездесу өтті

Оған мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Қадамбаев Тоқтарбай Қадамбайұлы және Айткужинова Раиса Балғабайқызы қатынасты

Кеш мақсаты Қостанай өңірінің өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу арқылы абырой тұғырына көтерілген, еліне еңбегі сіңген айтулы азаматтардың өнегелі ғұмырын кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, кеңінен насихаттау. Қажырлы еңбек пен табандылықтың арқасында өзінің өмір жолын көрікті өре білген Тоқтарбай ағамыз бүгінде ортасына сыйлы ел ағасы.

Ол кісі алғаш қызмет жолын 1963 жылы білім саласынан бастаса, 1995-1998 жылдар аралығында Қостанай облысының әкімі қызметін атқарды.

Биік мінберлерде жүрседе, халқынан төмен екенін әсте есінен шығарған емес. Ел игілігіне лайықты үлес қосып, қажет кездерде түйіткілді мәселелерді батылдық танытып шеше білді. Сонысы үшінде оны сыйлады, қасындағылар құрметтеді.

Еңбегі еленді, лайықты ілтипат көрсетілді. Мемлекеттік және халықаралық марапаттарды иеленіп, «Құрмет белгісі», «Құрмет орденімен» марапатталды.

Ағамызға әке қанымен, ана сүтімен дарыған бойында өлең құрау өнеріде бар. Қанша қызметте жүрседе, іс-сапарларда болса да, уақыт тауып ақындық өнерін әркез дамытып отырды. «Қостанай-Торғай – бауыр ел» атты ел өңірінің шынайы татулығын, сыйластығын баяндайтын өлеңді Ахметчин Ғұмар ағамызбен бірлесе отырып жазып шықты. Білгілі сазгер Бақытжан Сәуекенов әнін жазды.

Оған қоса бірнеше кітаптары да жарық көрді.

– Маған өлең жазу нағашы әжемнен дарыған секілді. Өйткені апам жанынан суырып салып өлең шығаратын еді. Ақындық жақсы өнер. Әрқашан мемлекеттік маңызы бар мерекелерді, жаныма жақын тақырыптарды өлеңмен жырлауға құмар едім. Бірде ой келді неге осы Елімздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын өлеңмен өрмеске деп.

Сөйтіп «Ел бағы – Елбасы» деген атпен Президентке арналған жырымды жинақ етіп шығарып, кітапты Елбасына тарту етіп жолдап жібердім.

Бірде, Астанадан қоңырау шалды, Тоқтарбай Қадамбайұлы сізді Мемлекет басшысымен байланысқа қосамын деді көмекшісі. Елбасының даусы арғы жақтан жарқын көңілді шықты. Өңірдің ахуалын, қызмет барысын сұрастыра келе, кітабымды алғанын және бастан-аяқ оқып шыққанын жеткізді. Менің сол уақытта ауыл шаруашылығы саласында жұмыс атқаратынымды білгенмен, кітапты оқи кел ақындық қырымнан танығанын айтып сый-құрметіме ризашылығын білдірді».

Ағамыз бүгінде немере-шөберенің ортасында. Жұбайының қасында балғындардың қызығын берге қызықтап, отбасының ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Кеш барсыныда Тоқтарбай Қадамбайұлы жиылған жастарға өмірде армандау керектігін арман алдамайтынын айтты. Жастарды қанша алдарынан тосқауыл жолықса да шыншыл, адал, төзімді болуға шақырды.

Әр адамның өмірі екі маңызды құрамдас бөлікке бөлінуі мүмкін. Жеке және кәсіби спетті, олар тығыз байланысты. Саты-сатымен жетістікке жете отырып, шынайы мақсатқа қол созу өзіндік сенім тудырады. Әкенің ақылын құп алып, қаржы саласын таңдаған Раиса Балғабайқызы бүгінді немереге ардақты әже, аяулы ана. Еңбек жолын қарапайым қызметкерден бастап, Қостанай қаласының Қаржы бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтерілді. Раиса Айткужинова бүгінде мансап биігінде. 2016 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен мадақталды. Қаржы саласының қыр-сырын жетік меңгерген Раиса Балғабайқызын өз саласының үздік маманы деп нық сеніммен айта аламыз.

– Әкем бізге мұғалімдік немесе қаржы саласын таңдау етіп ұсынды. Өйткені ол кісі біздің ақылшымыз, данагөйіміз еді. Көп балалы отбасы болғандықтан әр баласының жақсы, сыйлы қызметте жұмыс істегенін қалады. Сөйтіп өсіп-өне келе мамандық таңдау уақыты жеткен шақта апа-әпкелерім кітапханашы, мұғалімдік бағытта кетсе, мен қаржы саласын таңдадым. Өйткені есеп-қисапқа жақын едім. Кішкентай кезімде есеп-шотпен математикалық ескептерді еркін шағаратынмын.

Сонында септігі болған шығар деймін. Бүгінде немеремнің есепке жақын екенін байқап жүрмін.
Қаржымен жұмыс жасау қажырлықты талап етеді. Көптеген сандарды алып, қосып, көбейтіп,бөлудің миғада түсіретін күші зор. Ол үшін шот есептен, ой есебің озып отыруы қажет.

Меймандар құрметіне ән шырқалып, жас өнерпаздардың өнерлері ортаға салынды. Кеш соңында кітапхана ішінен құрылған «Толқын» жас өреңдер шығармашылық студиясының бірлесе отырып шығарған «Жас керуен» атты альманахынының тұсауы кесілді.

Студияға өңірімізге белгілі ақын, «Наш Костанай» газетінің директор-Бас редакторы Мешіт Хазезұлы жетекшілік жасайды. Альманах демеушісі де, редакторыда Мешіт Хазезұлы болып табылады. Шағын жыр-жинақта студия мүшелерінің өлең жырлары еңген.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2