Мұражайдағы тағылымды кездесу

Онда Еңбек Ері Сайран Бұқанов жайлы жан-жақты айтылды

Бүгін облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде ҚР ауылшаруашылық күніне орай «Еңбек ерлікке бастайды» деген тақырыпта   Қостанай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері  Сайран Бұқановпен кездесу болып өтті.

Бұл басқосуға Қостанай қаласы ардагерлер кеңесінің мүшелері – Амантай Бегалин, Ғайыпназар Қойшин, Әлмағамбет Ешмұхамбетов, ауылшаруашылық басқармасының қызметкері Нұрсұлтан Нұржанұлы қатысты.

Музей қызметкері Айымгүл Омарқанова мәртебелі қонақ Сайран  Бұқановтың қоғамдық қызметі мен еңбек жолына жан-жақты тоқталды.  Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Жалғас Бекзат және балалар шығармашылық мектебінің «Нұр әуен» студиясының шәкірттері жиналған жұртшылыққа өз өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ басқосуда ардагерлер мен жастар  Қазақстанның Еңбек Ері  Сайран Балкенұлына арналған «Біздің заманымыздың батыры» атты телеочеркті тамашалады.

Студенттер елімізге белгілі азамат, қоғам қайраткеріне көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Кеш өте әсерлі өтті.

Оразалы Жақсанов  


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1