«Жемқорлық — дерт»

Қазақ театрында қойылған драма осылай аталады

Қазақ халқына көрнекті қаламгер Рақымжан Отарбаевтың есімі жақсы таныс. Ол артына кейінгі ұрпақ айтып жүретіндей мол әдеби мұра қалдырған тұлға.

Оның көркем прозалары да оқырман жұртшылыққа жақсы таныс. Тілі көркем, айтар ойы терең. Сондықтан да болса керек, оның жазған шығармалары әрқашан да көпшіліктің сұранысына ие.

Жуырда осы жазушы-драматургтың «Жемқорлық-дерт», («Айна ғұмыр») деп аталатын туындысы қостанайлық көрермендердің назарына ұсынылды.

Драманы қойған Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының талантты режиссері Дос Құбаш. Аталған шығарманың алдына қойған мақсаты-бүгінгі таңдағы өзекті мәселе болып табылатын жемқорлықпен күрес және оның алдын алу.

Осынау үлкенді-кішілі қауымға ой салар және тәрбиелік мәні зор драмалық туындыны әсерлі шығаруға есімдері көпке белгілі өнер майталмандары Мейрам Жапаров, Ақдәмен Досанова және жас әртістер Ерхан Барақов, Нәзира Иман секілді әртістер көп тер төкті.

Жан-жақты дайындықпен көрермендерге ұсынылған туындыны жерлестеріміз өте жылы қабылдады. Мәдениет қайраткерлеріне  алдағы кездері де табыс тілейміз.

Оразалы Жақсанов


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0