Арқалық қаласында әлеуметтік азық – түлік мәселесі бойынша айқай шу басталды

Естеріңізде болса, көктем айында су тасықыны кезінде Қазақстанның түпкір – түпкірінен гуманитарлық көмек келді.

Оның ішінде Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарына келген гумнаитарлық көмектердің есебі болмады. Уақытылы табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға теңдей бөліп берп отырды. Арнайы құрылған мобилді топ жауапкершілікке бей – жәй қараған жоқ. Ал, күні кеше әлеуметтік желіде бірқатар мәселелер талқыға түсті. Яғни, Арқалық қаласына су тасқыны кезінде келген әлеуметтік көмек ретінде келген азық – түліктер қоймада сақталып, ақыр соңында тышқандар пайдасын көріп жатыр екен. Қаланың жергілікті блогерлер арнайы видео жолдап, қала әкіміне ұсыныс айтуда.

«Бұл видео 25 қыркүйек түсірілді. Әлі күнге дейін әкімшілік тарапынан гуманитарлық көмек халыққа беріліп жатқан жоқ. Жергілікті билік ай қарап, жұлдыз санап отырма. Азық – түлік сақталған қойманың есігінде қара құлып тұр. Арқалық қаласының әкімдігіне, қала әкімі Асановқа айтарым, алты ай бойы қоймада тұрған гуманитарлық көмекті халыққа таратып беріңіздер. Мерзімі өтіп кетпей тұрғанда СЭС мекемесі арқылы тексеріс жүргізіп, жергілікті тұрғындарға теңдей бөліп берулеріңізді сұраймыз», – дейді әлеуметтік желі қолданушы блогерлер.

Расында тышқан аралап кеткен азық – түліктерді халыққа тарататын болса, ауруға шалдығуы мүмкін. Осы уақытқа дейін жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға бермегендігіне бізде аң – таң болып отырмыз. Жауапты мекеме, құзырлы органдар елдік мәселеге не үшін ат үсті қарайды. Мүмкін қала әкімі бұл мәселеден бейхабар шығар. Әлеуметтік желіге тараған даудың нүктесін өзі қойып, жауапты мекеме басшыларын тиісті шара қолданып, тәртіптік жазаға тартады деген үміттеміз.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Аулиекольские артисты поблагодарили земляков за поддержку

Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)

1 день назад

Қамыстылық алты әкім біліктілігін арттыруда

Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)

2 дня назад

150 аулиекольцев состязались за медали по лыжным гонкам

Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)

3 дня назад

Мендыкаринский морг возобновил свою деятельность благодаря частному бизнесу

Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)

4 дня назад

This website uses cookies.