Үштөбеліктерді не толғандырады?

Арқалық қаласына қарасты Үштөбе ауылында жол қатынасы қиын. Ауыз судан таршылық көріп отыр. Одан қалды биыл мектепке баратын бала саны тым аз. Ауылдықтарды осы мәселелер толғандырады?

Ал, Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов бұл сұрақтардың назарда екенін, ауылды сумен қамту жобамен жосықты мердігерлердің табылмауынан 2-3 жылдан бері күн тәртібінде көтерілгенмен кешеуілдеп келе жатқанын, таяуда тағы тендер жарияланғанын жеткізді.

-Жол проблемасы жақында шешімін табады. Облыс қазынасы бөлетін қаражатқа көтерме жолға қиыршық тас төселеді. Сондай-ақ, Үштөбе ауылында мектепке баратын бала санының аздығы алаңдатады. Білім ошағы күрделі жөндеуден өткенімен онда оқитын оқушылар саны аз, – дейді Әмірхан Асанов.

Сол себепті, қала әкімі ел болып ауылға көпбалалы отбасыларды тартып, мектепті ұстап қалуға күш салуды тапсырды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 7