№2 Қамысты жалпы білім беретін мектебі достастық спорттық жарысында жеңімпаз атанды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айрықша назар аударған болатын.

Елімізде кәсіби спортпен қатар, бұқаралық спорттың қарқынды дамуна баса назар аударып отыр. Қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға үнемі шақырып келеді.

20 желтоқсан күні №2 Қамысты жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында спорттық жарыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, педагогтердің спорттық шеберлігін арттыру және ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болды. Жарысқа Денисов жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы қонақ болып келген еді.

Спорттық жарысты дене шынықтыру мамандары мен мектеп ұжымы ұйымдастырып отыр. Жарыс спорттың волейбол, стритбол, ату және тоғызқұмалақ түрлерінен өткенін айта кетейік.

Спорттың бірнеше түрінен сынға түскен қатысушылар білім берумен қатар, денелерінің ширақ екенін де дәлелдеді. Мектеп директоры Жаңабай Әбеуовтің өзі жеке сында мылтық атудан мергендігін байқатты. Ал «4+2» жүйесімен, яғни 4 ер, 2 әйелден құралған волейбол командалары арасындағы дода аса тартысты өтті. Себебі, қамыстылықтар ерекше дайындықтарын байқатты. Достастық матч бесеу болу керек. Бірақ №2 Қамысты жалпы білім беретін мектебінің ұжымы қарсыластарын үш ойын қатарынан ұтып, сөзсіз жеңімпаз атанды.

Тоғызқұмалақ ойынынан практикант Көпшілік Перизат бірінші орынға ие болса, ер адамдар арасында Дәурен Саттыбаев жеңімпаз атанды.
Жарыс нәтижесінде І орын №2 Қамысты жалпы білім беретін мектебінің ұжымына, ал ІІ орын Денисов жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымына бұйырды.

Мектеп директоры Абеуов Жаңабай Қазымбекұлы жарыстың қорытындысын жариялап, белсенді қатысқан әріптестеріне алғысын білдіріп, мақтау қағаздарымен марапаттады. Шара соңында қонақтарға ақ дастарқан жайылып, қонақасы берілді.

«Негізі мұндай шараның өтіп тұрғаны өте дұрыс. Мен өзім осыған дейінгі жарысқа қатыса алмаған едім, ол кезде семинарда болдым. Ал осы жолы сайыс біздің мектебімізде ұйымдастырылып отыр. Ең қуантарлығы, бұған дейін де біздің оқу орнымыз Денисов ауданында өткен жарыста жеңімпаз болып келіп еді. Бұл жолы да жеңісті берген жоқпыз. Мылтық ату және стритбол сайыстарына қатыстым. Мәселен, стритболда «2+1» жүйесімен, яғни, екі ер, бір әйел адамның құрамасы. 7 минуттан екі ойын ойнаған бұл жарыста да қарсыластарымызды 5-4 есебімен жеңіп шықтық. Ал жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтеріліп отырмыз. Өте қуаныштымыз», – деді Қамысты ауданы №2 жалпы білім беретін мектептің әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ақбөбек Жеңісхан.

Іс-шара аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қазақ күйлері орындалып, әндер шырқалды, ұйымдастырушылар қонақтарды шашумен қарсы алды. Мектеп басшылығы спорттық іс-шараға белсене қатысып, қазақ күйлерін орындаған аудандық балалар музыка мектебінің жетекшілеріне алғысын білдірді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Как в Аулиекольском районе борются с незаконной вырубкой деревьев в лесу

Сотрудниками прокуратуры Аулиекольского района Костанайской области в ходе проведения рейдовых мероприятий на территории леса установлен…

11 часов назад

Жители с. Новоселовка ещё две недели назад рассказывали «ТоболИнфо», что кладбище затопит

Власти же заявляли обратное и не хотели слушать людей,•об этом сообщает "ТоболИнфо" Село Новоселовка оказалось…

11 часов назад

С 1 апреля в Костанае, возможно, подорожает газ

КПФ АО QazaqGaz Aimaq подало заявку на изменение розничной цены. Об этом пишет "Наш Костанай"…

11 часов назад

Для потомков депортированных народов Карасуский край – родина

По архивным данным в период депортации в Карасуский район прибыли 3 602 человека, для их…

14 часов назад

Территория погоста вблизи одного из сёл Карасуского района оказалась под водой ещё до паводка

Два дня назад подтопление сельского кладбища у села Новосёловка было угрозой, сегодня, к сожалению, это…

1 день назад

Костанайский ОФ «Жанашыр бол» организовал активный отдых для детей и молодых семей

Мероприятие прошло 22 февраля. Участники выезжали за город, катались на горках, играли и весело проводили…

1 день назад

This website uses cookies.